Әділет басқармасымен «Астана күнін» мерекелеу қарсаңында «Ашық есік күні» өткізілді  

21 маусымда «Астана күнін» мерекелеу қарсаңында Зайсан аудандық әділет басқармасымен  «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның Шығыс Қазақстан облысы  бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Зайсан аудандық бөлімінің ғимаратында  "Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – азаматтарға ақысыз заң көмегін көрсету.

Өткізілген шараға нотариустар, жеке тәжірибемен айналысатын заңгер, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның Шығыс Қазақстан облысы  бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті  аудандық бөлімінің, «Жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаментінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Зайсан аудандық бөлімінің,  жер қатынастары бөлімінің өкілдері қатысты. 

Кеңес алушылар жылжымайтын мүлік туралы, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, зияткерлік және адвокаттар, бағалаушылар мен нотариустардың қызметтері туралы  сұрақтар қойып, толығымен жауап алды.

Ақысыз заң көмегін 9 адам алды.

Зайсан аудандық әділет басқармасы