Мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған іс-шара

22 маусым  күні Зайсан аудандық әкімдіктің үлкен залында Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты  іс-шара өткізілді.

Іс-шараға ауданның барлық мемлекеттік органдарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметтің ардагерлері қатысты.

Мереке барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны ойналып, аудан әкімінің орынбасары  Қамбар Чилибаев ауданың мемлекеттік қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, аудандық мәслихат хатшысы Д.Ыдырышевпен бірге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін  мемлекеттік қызметшілерге алғыс хаттар табыс етті.

Іс – шарада сөз сөйлеген әділет басқармасының басшысы Айгүл Кенжебаева мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына орай Әділет органдарында атқарылып жатқан түрлі шараларды, көрсетілеп жатқан  мемлекеттік қызметтерді атап өтіп, жиналған мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Іс- шараның соңы аудандық Мәдениет үйінің әртістерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

 Зайсан аудандық әділет басқармасы