Құқықтық мәселелер бойынша кеңес

Маусым айының 28 күні Зайсан аудандық әділет басқармасымен Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның Шығыс Қазақстан облысы  бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің  аудандық бөлімі орналасқан ғимаратта  халыққа кеңес  және заң көмегін көрсету мақсатында ұйымдастырылған кеңес алаңы  үшінші рет азаматтарды қабылдау жүргізді.

Кеңес алаңның басты мақсаты халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін және сауаттылықты  арттыру, жүгінулерді дереу шешу, құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беру, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімі деңгейін көтеру.

Өткізілген іс-шарада әділет басқармасының қызметкерлері,  нотариустар, жергілікті атқарушы органдардың, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының  өкілдері консультациялық, құқықтық және тәжірибелік көмек көрсетті. 

 Іс-шара  барысында азаматтар қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіретін құқықтық сұрақтар бойынша заңгерлік көмек, жылжымайтын мүлікке құқықтарды  тіркеу, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, тегін адвокаттық көмек көрсету, зияткерлік меншікті тіркеу, сонымен қатар, әділет басқармасының қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне енген өзгерістер және электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсініктеме берді.    

Өткізілген іс-шара соңында, қойылған барлық сұрақтарға қанағаттандыралық жауаптар берілді.

Зайсан аудандық әділет басқармасы