Заң жобасын түсіндіру

2 тамыз күні Зайсан аудандық әділет басқармасының инспекторы Айнұр Алдажарова, жеке нотариус Айнұр Смагулова Евразиялық банк қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізді.

Іс - шара барысында  банк қызметкерлері   заң жобасына сәйкес бағалаушының құқықтары мен міндеттері туралы, бағалау түрлерімен, сондай-ақ, заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдармен таныстырырылды.
Банк қызметкерлері  «Бағалау қызметі туралы» Заң жобасын қолдап, пікір бөлісті.            

Зайсан аудандық әділет басқармасы