Жаз айы - өрт қауіпті кезең

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншігін, ұлттық құндылықтар мен қоршаған ортаны қорғау. Жазғы уақытта аудан аумағында өрттерге, әсіресе дала өрттеріне байланысты жағдай күрт қиындай түседі. Дала өрттері ауылшаруашылығы және қоршаған табиғатымызға үлкен шығын алып келетіні анық. Зайсан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі орман және дала өрттеріне, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына аса көңіл бөледі. Жыл сайын орман, дала өрттерінің алдын алу және дер кезінде сөндіру мақсатында Зайсан ауданының №43 өрт сөндіру бөлімі мен орман шаруашылығы мекемесі бірлесіп, өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу өткізеді.
Өрттердің шығу себептері: елдімекенде ашық отты дұрыс пайдаланбау, әдейі от қойып қасақана өртеу және темекі тұқылын толық өшірмей тастай салу. Сондықтан да сақтық шараларын жасап, өз мүліктеріңізді және қоршаған ортаны сақтау үшін қауіпсіздік ережелерін сақтауды естен шығармағандарыңыз жөн.


М.Қ. Иманқажы.
Зайсан қаласы № 43 ӨСБ бастығы,
азаматтық қорғау капитаны