Дөңгелек үстел өткізілді

7 тамыз күні Зайсан аудандық әділет басқармасында кәсіпкерлік өкілдерінің қатысуымен «Тауар белгісі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын дамыту.
Іс-шара барысында әділет басқармасының жетекші маманы Бақыт Жұманова Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының нормаларын, тауар белгiсiн құқықтық қорғау талаптарын, сонымен қатар, бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану әкімшілік заңнамаға сәйкес айыппұл салуға әкеп соғатыны туралы түсіндірді.
Іс - шара соңында қатысушылар тауар белгісі мәселелері бойынша пікір алмасты.

Зайсан аудандық әділет басқармасы