Салық төлеушілердің назарына!

ҚР Салық кодексінің 514-бабының 2-тармағы және 532-бабының 6-тармағына сәйкес, жеке тұлғалар 2017 жыл үшін мүлік және жер салығын 2018 жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеуге міндетті.
Уақытында төленбеген салықтың әр күніне өсім есептеліп, мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылады.
Салық сомасын Мемлекеттік кірістер басқармасына келіп немесе 21958 телефон арқылы білуге болады.