Консультациялық алаң жұмысын жалғастыруда

8 тамыз күні Зайсан аудандық әділет басқармасымен 2017-2022 жылдарға арналған құқықтық ағарту саласын жетілдіру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Зайсан аудандық бөлімінің ғимаратында құрылған консультациялық алаңда халыққа заңды кеңестер беру өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық қорғау деңгейін арттыру болып табылды.
Іс-шара барысында жеке тұлғалар мен мен заңды тұлға өкілдеріне әділет басқармасының құзыретіне кіретін зияткерлік меншік құқығын қорғау, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, кәсіпорындарды ашу және нотариуспен жасалатын іс-әрекеттер бойынша түсініктер берілді.

Зайсан аудандық әділет басқармасы