Жергілікті атқарушы және өкілді органдарының қызметкерлерімен өткізілген дөңгелек үстел

5 қыркүйек күні Зайсан аудандық  Әділет басқармасы  жергілікті атқарушы және өкілді органдарының қызыметкерлерінің және  ҰАТ» бөлімшесі өкілінің қатысуымен «Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу саласындағы заңнаманың кейбір нормаларын түсіндіру» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.

Іс-шара барысында қатысушыларға құқық нормасы бар нормативтік құқықтық актілерді тіркеу, сонымен қатар әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау және ресімдеу тәртібі, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерін электрондық мемлекеттік тіркеуге көшкені туралы айтып түсіндірілді.

Кездесудің қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушылар қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды, сондай-ақ заң сараптамасына келіп түсетін нормативтік құқықтық актілердің сапасын жақсарту бойынша, МОИП жүйесі арқылы электронды тіркеуге жолдағанда кездесетін қиыншылықтарды шешу туралы пікірлері мен ұсыныстарын айтты.

 

Зайсан аудандық әділет басқармасы