Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша семинар өткізілді

7 қыркүйек күні Зайсан аудандық әділет басқармасымен «100 нақты қадам» Бес институционалды реформалар – Ұлт Жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Аталған іс-шарада әділет басқармасының басшысы Кенжебаева Айгүл Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің талаптары бойынша және  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуын, сонымен қатар қызметтен тыс уақытта да әдептілікті  қатаң сақтау  керектігін, сыпайылық таңыту туралы  айтты.

Семинар барысында мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.

 

Зайсан аудандық әділет басқармасы