Зайсан ауданының ТЖБ  еске салады

Зайсан ауданының ТЖБ  экстремалды жағдай туындаған немесе болу қаупі төнген кездегі сиреналардың дыбыстық сигналын 2018 жылғы 11 қыркүйекте жаттықтыруды жоспарлауда деп еске салады. Осы сияқты жаттығулар дауыс зорайтқыш құрылғылардың жұмысқа жарамдылығы тексеріп қана қоймай, азаматтарға да арналған. Халық сирена қосылған кездегі іс-әрекетті біліп, барынша дайын болуы қажет. Дыбыстық сигнал адамдар арасында дүрбелең тудырмауы керек, ол «Баршаның назарына» дегенді білдіреді, яғни халыққа арналған маңызды ақпарат тарату үшін теледидар немесе радиоқабылдағышты қосу қажет.

 

«БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА» сигналы қосылған кездегі халықтың іс-әрекеті

 Экстремалды жағдай қаупі төнген немесе туындаған кезде, атап айтқанда: аваиялар, апаттар, табиғи зілзала, әуеден қауіп төнгенде, химиялық, радиоактивті зақымдану және өзге де қауіпті құбылыстар кезінде ТЖ шалдыққыш қалалар, елді мекендер, халық шаруашылығы объектілерінде сиреналар, қоңыраулар, басқа да сигналдық құралдар, арнайы автокөліктердің сигналдары қосылады. Бұл «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА» дегенді білдіретін бірыңғай сигнал, осы кезде халыққа маңызды ақпарат айтылатынын білдіреді. 

 

Осы сигнал бойынша не істеу қажет?

 Егер де сіз үйде, жұмыста, қоғамдық орында болып, сирена немесе «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА» сигналын естісеңіз дереу кез келген арнадағы радиоқабылдағыш немесе теледидар қабылдағышын кез келген жергілікті жаңалық арнасына қосып, дауысын қаттырақ шығарыңыз.

«БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА» дыбыстық сигналы аяқталысымен теледидар арналары мен радио бойынша қалыптасқан жағдай және халықтың іс-әрекету туралы сөздік ақпарат таратылатын болады.

Барлық ересектер сирена дыбысының – «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА» сигналы екендігін түсініп және балаларға ұқтырулары қажет. Оны естігенде қорықпау керек. Себебін түсіндіруді күтіңіз.

Сөздік ақпаратты толығымен тыңдап және түсінгесін барлық ұсыныстарды орындау қажет. Егер де Сіз сөздік ақпаратты толық естімесеңіз радио немесе теледидарды өшіруге асықпаңыз, ақпарат тағы да қайталанатын болады. ең алдымен құжаттар, ақша және мүмкіндігінше су өткізбейтін пакетке салып қапталған бір тәулікке жетерлік азық-түлік және ауыз су қорын алу қажеттігін есте сақтаңыз.

Егер де сіз жұмыста болсаңыз кәсіпорын аумағында немесе цехта болып «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА» сигналын естісеңіз жұмыс процесін тоқтатып, телефон немесе жиналысты, шуылдаған цехта болсаңыз станокты  тоқтатыңыз, машинаны сөндіріңіз, ал егер ол мүмкін болмаған жағдайда кәсіпорындағы жақын маңдағы дауыс зорайтқышқа жақындаңыз.

Егер де сіз қала немесе елді мекен көшесінде болып «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА» сигналын естісеңіз көшеде тұрған жақын маңдағы дауыс зорайтқышқа жақындаңыз және дыбыс сигналы аяқталысымен ақпаратты тыңдап, барлық ұсыныстарды орындаңыз.

Шалғайлығына байланысты сирена дыбысы естілмесе немесе орталықтандырылған дауыс зорайтқыш жоқ болса сөздік ақпаратты дауыс зорайтқыш жүйесімен жабдықталған арнайы автомобильдер тарататын болады. әр жағдайда сөздік ақпарат төнген қауіп немесе өлкеде, қала, аудан, елді мекендегі қалыптасқан жағдайға сәйкес  болады.

Балаларды мектептен және балабақшадан алмаңыз. Бұл оларды қауіпсіз жерге жіберуге бөгет болуы мүмкін. Балаларыңыздың қауіпсіздігі бірінші кезекте көзделген. Үйлеріңіздегі және тұрғылықты жердегі көршілерге хабар беріңіз олардың таратылған хабарды естімеуі ықтимал. Дүрбелең мен алып-қашпаларға жол бермеңіз.