«Отбасы күні» мейрамына орай өткізілген кездесу

10 қыркүйекте Зайсан аудандық әділет басқармасының қызметкерлерінің  және аумақтық сот орындаушылары бөлімі филиалының сот орындаушысының ұйымдастыруымен Әділет органдары және отбасы күнін мерекелеуге орай  басқарма қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне арналған  «Ашық есік күні»  акциясы  өткізілді.

 Басқарма басшысы Айгүл Кенжебаева іс-шараға жиналғандарды «Отбасы күні» мейрамымен құттықтап, алғыс хаттарды тапсырып, ұжымның отбасы мүшелеріне әділет органдарының атқаратын қызметі  туралы және де отбасының мәні мен рөлі туралы, отбасыларды материалдық және моральдық жағынан қолдауға, оның құқықтық негіздерін құруға көңіл бөлу – біздің еліміздегі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі  болып табылатынын айтып өтті.

Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар отбасының құндылығын, тұлғаның қоғамда дамуындағы және қалыптасуындағы рөлін  түсіне отырып, мемлекет барлық қол жетімді амалдармен оны нығайтуға ықпал ететініне назар аударды.

Қызметкерлердің ата-аналары оларға көңіл бөлгендері үшін алғыстарын айтып, шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

 Зайсан аудандық әділет басқармасы