«Қазақстан бүгін және болашақта» атты дебат өткізілді

12  қыркүйекте Зайсан аудандық әділет басқармасының қызметкерлері және аумақтық сот орындаушылары бөлімі филиалының сот орындаушысының ұйымдастыруымен Әділет органдары күнін мерекелеу қарсаңында «Қазақстан бүгін және болашақта» атты мемлекеттік қызметкерлер арасында дебат өтті.

 Дебат мақсаты мемлекеттік қызметкерлер арасында жаңа бастамалар мен жаңа ізденістер қалыптастыра отырып серпіліс жасау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

Қатысушылар екі топқа бөлініп, бірі Қазақстанның бүгінгісі, Қазақстанның демократиялық моделі ұлтаралық татулық пен келісімнің моделі, Қазақстан экономикасының тиімді нарықтық моделі, Казақстан-2030 және Казақстан 2050 стратегиялары дамыған 30 елдің қатарына кіру, «100 нақты қадам» ұлт жоспары т.б. баяндалды.

Ал екінші топ болса, Қазақстанның болашағын бағамдап көрді. Бұл топтың басым бағытына айналған еліміздің жарқын болашағына  бастар даңғыл жолы «Рухани жаңғыру», «Болашаққа бағдар». Мемлекеттік қызметкерлердің жақсы дайындықпен келгені байқалды. Себебі олар мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, алдымен өз Отанымыздың патриоты. Оған қоса Қазақстанның қарыштап дамуы –бүкіл халықтың ортақ мақсатымен мүддесі. Дебат өз мақсаттарына жетті деп толық сенімділікпен айтуға болады.

 

Зайсан аудандық әділет басқармасы