Зайсан аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының халыққа көрсетілген мемлекеттік қызметтері

2018 жылдың 8 айында Зайсан аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына мемлекеттік қызмет көрсетуге 17 өтініш түсті, барлығы 17 санитарлық-эпидемиологиялық қортынды берілді. Оның ішінде 3 электронды түрде түсті, қортындылар база арқылы өтті. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану болған жоқ.  Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған болған жоқ. Мемлекеттік қызмет 15   жұмыс күні ішінде көрсетілу қажет болса басқарма бойынша 7-8 күн аралығында санитарлық-эпидемиологиялық қортындыларды беріледі.

Мемлекеттік қызмет мониторинг, бақылау және ұйымдастыру жұмыстарына жауапты лауазымды тұлға тағайындылып, бұйрықпен бекітілген.

Халық арасында, кәсіпкерлер арасында, мекемелерде мемлекеттік қызмет стандарты бойынша 5 лекция өткізілді және түсіндірілме жұмыстары жүргізіліп, үн парақшалар таратылады.

Зайсан аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы халыққа мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы ДСМ  2017 жылғы 28 сәуір № 217 бұйрығымен бекітілген «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары» және Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы ДСМ  2017 жылғы 26 шілдедегі № 557 бұйрығы негізінде мемлекеттік қызметтерді  көрсетеді.

Зайсан аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында мемлекеттік қызметтің 3 түрі көрсетіледі:

1. «Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»;

2. «Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»;

3. «Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру»

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы кеңсе немесе www.elicense.kz веб-порталы;  www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.  Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды  алуға өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы беруге болады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап –15 (он бес) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ  уақыты – 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметтер келесі жұмыс кестесі бойынша көрсетіледі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке  күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

Халыққа мемлекеттік қызметтер  бір терезе прниципі бойынша жүргізеді. Басқармада заңды  және жеке тұлғалардан өтініштерді хатшы бөлек бөлмеде қабылдайды. Құжаттарды көрсетілетін қызметті  берушінің кеңсесі арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға талон беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, басылып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті  беруші басшысының қолымен куәландырылады. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады. Көрсетілетін қызметті алушы  құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап  – 15 жұмыс күні ішінде беріледі. Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі. Көрсетілген мемлекеттік қызмет берүшілерге қызмет алушылармен баға беріледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым  қызметті берушінің басшысының атына Зайсан аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Зайсан қаласы Ибраева көшесі №1 немесе Департамент басшысының атына ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы №17ге беріледі.  Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Департамент, Коммитеттің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымның  тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын  растау  болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау  және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті  берушінің немесе Комитеттің басшысына жіберіледі. Көрсетілетін қызметті  берушінің немесе Комитеттің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

Көрнекті жерде мемлекеттік қызмет көрсету стендында қызмет түрлері, өтініштер үлгілері, талап етілетін құжаттар тізбегі,  қаралатын мерзімі және департаментің, комитеттің мекенжайлары және байланыс телефондары көрсетілген.  Өтініштерді электрондық түрде қабылдауға мумкіншілік бар. Басқармада жедел сенім телефоны жұмыс істейді-26-630. 2013 жылдан бастап бейне бақылау камерасы бар.

Зайсан аудандық қоғамдық денсаулық сақтау  басқармасының бөлім басшысы Г.М.Бейсенбаева