«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңын  түсіндіру

4 қазанда  Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңын  түсіндіру және талқылау мақсатында Зайсан аудандық әділет басқармасының қызметкерлері мемлекеттік сот орындаушының, жекеше нотариустардың, жеке практикамен айналысатын заңгерлердің  қатысуымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында аталмыш Заңның азаматтардың білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығын жүзеге асыруға, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары мен қиын өмірлік жағдайдағы адамдарға тегін құқықтық көмекке қол жетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ адвокаттық қызметті және заң көмегін көрсету жүйесін толық жетілдіруге бағытталғандығы айтылды.

Сонымен қатар, кіру жарнасының алынып тасталғандығы жөніндегі жаңалықтарды, Қазақстан Республикасы «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Заңымен адвокаттар, нотариустар және сот орындаушылар көрсететін тегін заң көмегіне қандай жағдайларда жүгіне алатыны, мемлекеттік кепілдік беретін заң көмегін көрсететін субъектілер, тегін заң көмегін алуды растайтын құжаттар реті түсіндіріліп,  қойылған сұрақтарға заңды тұрғыда жауаптар берілді.

Зайсан аудандық әділет басқармасы