Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бағытында семинар  өткізілді

8 қазанда Зайсан аудандық Әділет басқармасымен «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның Шығыс Қазақстан облысы  бойынша филиалының жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Зайсан ауданы бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен  «Мемлекеттік қызмет көрсету стандартының талабын сақтау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын көтеру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуден бас тартудың және тоқтататудың негізгі себептері туралы» тақырыпта семинар  өткізілді.

Шараның мақсаты –мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру.

Семинар барысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, тіркеуден бас тарту мен тоқтатудың санын азайту,  құжаттарды сапалы қабылдау, мемлекеттік қызмет көрсету Стандартары мен Регламенті нормаларының сақталуы, сонымен бірге Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту талқыланды.

Семинар қорытындысы бойынша аталған бағыттағы жұмыс сапасын арттыру бойынша іс-шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды.

Зайсан аудандық әділет басқармасы