2018 жылдың ІІІ тоқсанында Қарабұлақ ауылдық округі бойынша атқарылған жұмыстар

Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты Қарабұлақ ауылындағы мәдениет үйінде шілде айында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Жайнай бер Астанам» атты концерттік бағдарлама өткізілді. Ш Құдайбердіұлының 160 жылдық мерей тойы аталып өтіліп, «Ақ әжелер» клубының қатысуымен «Болашақпен бір болайық» атты жастар арасында ауқымды шара ұйымдастырылды.

Ауылдық округіміздің мәдениет, спорт  мекемелерінің жұмысын жандандыру және  инфрақұрылымын оңтайландыру әдістерін жетілдіру жұмыстары басты назарда. Осы орайда «Нұр Отан» партиясының «Ұлы дала Елі» бағдарламасы негізінде партия мүшелері, мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мереке күндері әр түрлі шаралар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы негізінде ардагерлермен  кездесулер өткізілді.

Осы жоба негізінде қыркүйек айында «Бәйтерек» сауықтыру орталығына 5 ардагер қарт демалып қайтса, 3 қария «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Шілікті қорғанына саяхаттап қайтты. Тамыз айында әкімшілік қызметкерлері мен мәдениет, мектеп ұжымдары шекарашылар күніне орай «Комсомол» бекетінің сарбаздарын құттықтап, концерттік бағдарламамен барып қайтты.

Зайсан ауданының 90 жылдық мерей тойына орай, Зайсан қаласында тұрғызылатын Баймұрат Батырдың ескерткішіне Қарабұлақ ауылдық округінен 700 мың теңге қаржы жиналып, арнайы қорға аударылды. «Туған жерге тағзым акциясы» аясында Ұлы Отан соғысының ардагері болған И. Көкеновтың ұрпақтары мектеп ішінен бір бөлменің ішін заманауи құралдармен жабдықтап берді. «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, аз қамтылған отбасылардың балаларына  30 мың  теңгенің оқу құралдары сыйға тартылды.

Елімізді әлемдегі  дамыған 30 мемлекеттің құрамына енгізу, 100 нақты қадам Ұлт жоспарын жүзеге асыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Ауылдық округ көлемінде атқарылған ауқымды жұмыстардың барлығы - біздің ортақ іске жұдырықтай жұмылып, бірлескен еселі еңбегіміздің нәтижесі.