Елбасының Жолдауын түсіндіру

9 қазанда Зайсан аудандық әділет басқармасының басшысы Кенжебаева Айгүл Нұрсұлтанқызы әділет басқармасының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы - Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Зайсан ауданының бөлімінің мамандарын Қазақстан Республикасы  Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауымен таныстырды.

Аталған іс-шараның мақсаты Қазақстан  Республикасы  Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауының  негізгі ережелерін насихаттау және түсіндіру.

Өткізілген іс-шарада басқарма басшысы Елбасының Жолдауындағы айқындалған  басым бағыттарды түсіндіріп, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту, өмір сапасын күшейту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру, сонымен қатар, жүзеге асыратын міндеттерді орындауды  тапсырды.

Зайсан аудандық әділет басқармасы