Тұншықтырғыш газ – адамдардың қаза болуының басты себебі!

Адамдардың қазасына ушықтырататын тұншықтырғыш газбен улану, адамдардың қауіпті жайларының бірі болып табылады. Бұндай жағдай жылу көзі пеш ақауының, қозғалтқышы қосылған жабық автомобиль ішінде, адамдардың өрт ошағында болуы нәтижесінде болады. Тұншықтырғыш газдың иісі жоқ, тұншықтырғыш газбен улану білінбеуі мүмкін, ол барлық от жағылатын жерлерде жиылады. Тұншықтырғыш газбен дем алғанда  адамдар бас ауыруын және тұншығу сезімін сезінеді. Тұншықтырғыш газ қосылымының жоғарлауында әлсіреп және естен татып (30 минуттан кейін қаза болады). Тұншықтырғыш газдың  пайда болуының негізгі себебі - от жағылған жерде оттегінің жетіспеуі.

Адамға тұнышықтырғыш газдың әсер ету механизмі, ол қанға кіргеннен соң, гемоглобин талшықтарын шырмаудан тұрады. Нәтижесінде гемоглобин оттегін өткізу қабылетінен айрылады. Адам неғұрлым тұншықтырғыш газбен дем алса,  соғұрлым оның қанындағы гемоглобиннің жұмыс жасау қабілеті азаяды, және организм соғұрлым аз оттегін алады. Адам тұншыға бастайды, басы ауырып есінен жаңыла бастайды. Егер мезгілімен таза ауаға шықпаса (немесе есінен танған адамды таза ауаға шығармаса), қаза болуы мүмкін.

Тұншықтырғыш газбен уланудың белгілері: бұлшық еттің әлсізденуі, бас айналуы, жүрек айнуы, құлағындағы шуыл. Дем алысы тоқтағаннан кейін жүрек біраз уақыт жұмыс жасауы мүмкін. Адамдардың 2-3 жұма өткен соң да улану салдарынан қаза болуы жағдайлары орын алған. Пайдаланылған газдарды шығаратын ең көп тараған көздер – бұл газ немесе май жағып жанатын пештер, ағаш жағатын пештер, газ құралдары, су жылытқыш және қозғалтқыштар. Пештегі жарықшақтар, түтін шығатын құбырлардың бітеліп қалуы тұншықтыратын газдың тұрғын үй ішіне тарауына мүмкіндік береді. Пешке таза ауаның толықсыз келуі тұншықтырғыш газдың жиналуына әсер жасауы мүмкін.

Тұншықтырғыш газбен улану нәтижесіндегі қолайсыз жағдайлардың алдын алуға болады: тұншықтырғыш газдың шығуына жол бермеу; зардап шеккенді таза ауаға шығару; егер зардап шеккен есінен танбаса, оны жатқызып, тыным беріу және (газетті бұлғап, желдеткіш немесе кондиционерді қосып) таза ауамен үздіксіз қамтамасыз ету; егер зардап

шеккен есінен танып жатса, жедел көмек келгенше немесе есін жинағанша жедел жүрегіне массаж  және жасанды демалу жасау қажет.

Зардап шеккенді үйден шығару кезінде, онда қауіпті тұншықтырғыш газ қосылымы барын, есіңізде сақтаңыз, уланып қалмау үшін ең алдымен, өзіңізді қауіпсіздендіру керек. Ол үшін тез әрекет жасау және қол орамал немесе дәке арқылы дем алу қажет.

Зайсан ауданының ТЖБ Аға инженері азаматтық
қорғау аға лейтенанты Дамбулов Ж.Е