Консультациялық алаңда құқықтық кеңес берілді 

10 қазан күні Зайсан аудандық әділет басқармасының мамандарымен   2017-2022 жылдарға арналған құқықтық ағарту саласын жетілдіру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Зайсан аудандық  бөлімінің ғимаратында құрылған консультациялық алаңда халыққа заңды көмек көрсетілді.

Аталған іс-шараның мақсаты  азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық қорғау деңгейін арттыру болып табылды.

Іс-шара барысында әділет басқармасының мамандарымен аудан тұрғындарына Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы   «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 шілдедегі Заңы түсіндірілді, сонымен қатар,    зияткерлік меншік құқығын қорғау, шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеу кезінде, банктік шот ашуға арналған және жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыруға өтініш электрондық нысанда берілетіні жөнінде  құқықтық кеңестер  берілді.    

Зайсан аудандық әділет басқармасы