«Айқанаттың»  оқу-жаттығу жиыны

Ауданымыздың  «Айқанат» республикалық олимпиадасының  24 жеңімпазы күзгі каникул кезінде Өскемен қаласына «IQanat camp» оқу-жаттығу жиындарына барып қайтты. Оқушылардың білімдерін тереңдету мақсатында «EduCon» компаниясы, «Достық»  білім беру орталығы бірлесіп жұмыс атқарды. Компанияның оқу-әдістемелік бөлімі директоры Руслан Токтарбекұлы Емелбаев бастап келген  12 ұстаз бір апта бойы оқушыларға сабақ жүргізді. Жиын аясында «NOVA Education» компаниясының  өкілі Утеубаев Нариман Акмырзаұлы  шетелдік ЖОО-на оқуға түсу талаптарын түсіндірді, ал  Жұманазаров Айдос Әділбекұлы  өткізген «Тайм менеджмент» тақырыбындағы тренинг оқушылардың қызығушылығын оятты.апта бойынша сабақ пен бірге әртүрлі тренингтер өтті.

Олимпиада жеңімпаздары өздерін толғандырып жүрген барлық сұрақтарына жауаптарын алды. Күзгі каникулдары  маңызды және пайдалы өткеніне жеңімпаздар өте қуанышты және «Айқанат» білім беру қорына айтатын алғыстары шексіз.Жалпы облыс бойынша  6 ауданнан  140 жуық оқушы  жиынға қатысты. Соның ішінде Зайсан ауданы  байқау сынағында  үздік  нәтиже  көрсеткені үшін арнайы дипломмен марапатталды, Х.Мустафина атындағы мектеп –лицейінің оқушылары  Гарифуллина Жанель; Өміртаева Айым – І орын,  Казбекова Инкар; Кабылбек Акерке/ Сартерек ОМ/- ІІІ орын.