Пробация қызметінің ұсынымы қанағаттандырылды

Зайсан аудандық сотында, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны  бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы пробация қызметінің ұсынымы қаралды.

Зайсан аудандық пробация қызметі сотталған  Н.-ның бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыру туралы сотқа ұсыным жолдаған. Сотталған Н. бас бостандығын шектеу жазасын өтеу тәртібін  бұзған.

Сот ұсынысты қанағаттандырып, сотталған Н. жаза өтеу тәртібін жүйелі түрде бұзғаны үшін бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығына айыру жазасына өзгертті.

Н. сот отырысы залынан қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Зайсан аудандық сотының   баспасөз қызметі