«Заңнамалық актілердегі өзгерістерді түсіндіру» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді

6 қараша күні Зайсан аудандық әділет басқармасында «Азаматтарға арналған үкімет  Мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша бойынша филиалының «Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша» Зайсан аудандық  бөлімі  мамандарының  қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты  Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының  негізгі ережелерін түсіндіру болып табылды.

Шара барысында басқарманың инспекторы  Жалғас Қуанышбекұлы Түсүпбеков  адвокаттық қызмет туралы заңмен қарастырылған адвокаттардың құқықтары мен мәртебесі туралы түбегейлі өзгерістер жайлы түсіндірді.

Сондай-ақ, қатысушылардың көкейкесті сауалдарына заңдық  кеңестер берілді.

Зайсан аудандық әділет басқармасы