Құрметті Темірбек Жұмақұлұлы!

Сізді және Сіздің атыңыздан Зайсан ауданы xалқын мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жоспарланған  «Бабадан мұра құт мекен - Атамекен нұр Зайсан» атты ауданның мәдени - көпшілік күндеріне орай жіберген шақыртуларыңызға үлкен алғыс білдіремін.

Шығыстың шырайлы қақпасы - Зайсан ауданының жыл сайын жаңарып, көркейіп, дамып келе жатқаны ауданмен тағдырлас барша азаматтың көңіліне үлкен қуаныш сыйлайды. Республикаға танымал ірі тұлғаларды дүниеге әкелген құтты мекен – Зайсан әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан облыстағы алдыңғы қатарлы аудандардың бірі.

Аудан үшін бұл күндердің елеулі оқиғасы -  қазақтың дарабоз батыры Қабанбайдың үзеңгілес серігі болған Баймұрат Бәйімбетұлының құрметіне ашылып отырған ескерткіш екені сөзсіз. Әлбетте, айтулы шара зайсандықтардың бірлігі мен шынайы патриотизмінің айқын белгісі, туған жерін қорғаған батыр бабаларлар руxын дәріптеп, жас ұрпаққа үлгі ету жолындағы абыройлы бастамасы деп білемін.

Сіздерге жылы лебізімді жеткізе отырып, Зайсан ауданына даму мен жаңғыру жолында биік белестер, өңір халқына амандық, бірлік, бай-қуатты тірлік тілеймін.

Құрметпен, «Нұр Отан» партиясы
ШҚОФ төрағасының Бірінші орынбасары Ә.Мұхтарханов