Абайлаңыз! Төбеден қар құлауда!

Зайсан ауданының ТЖБ ескертеді: Зайсан  ауданының елді мекендірдің  көшелерінде төбеден қардың құлауы көп мәселелердің бірі болып табылады. 

Бұл жатып қалған қар жамылғысының ылғалдың әсерінен 3 есе ауырлауына әкеледі. Әдетте, ол құрамы бойынша біртекті емес және онда жұмсақ еріген қар болады, сонымен қатар едәуір көлемдегі мұздарда болуы мүмкін, ал ол тұрғындар үшін үлкен қауіп төндіреді. Жарақат алуды болдырмау үшін ата-аналар өз балаларына үйлер мен ғимараттардың маңында жүру ережесін сақтауды үйрету қажет. 

Естеріңізде болсын: көбінде сүңгілер суағарларда пайда болады, сондықтан үйдің суағары орналасқан орындар өте қауіпті болады. Ондай жерлермен жүрмеген абзал болады.

Сақтанып жүріңіз, және де мүмкіндігінше ғимараттардың қабырғасына жақындамаңыз.

Егер жүргінші жолы бойынша келе жатқанда төбе жақтан күдікті дыбыс естісеңіздер, тоқтап, басыңызды көтеріп не болғанын қарап тұруға болмайды. Бұл қардың немесе мұздың қопарылып түсуі болуы мүмкін. Ғимараттан қашуға да болмайды, керісінше қабырғаға дереу жабысып тұру қажет, өйткені төбенің күнқағары қорғаныш болады.

 

Жүргінші жолындағы қоршалған учаскелерге үнемі көңіл бөліңіздер және де еш жағдайда қауіпті аймаққа кірмеңіздер.

 

Зайсан  қаласының ТЖ бөлімі тұрғындардан өте сақ және мұқият болуды, көше бойынша қозғалыс барысында үйлерден алысырақ жүруді және автокөліктерді үйге жақын жерге қоймауды сұрайды.

 Шатырлардың қирауынан адамдардың апат болуына байланысты төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында барлық  мекеме басшыларына және жеке сектордағы тұрғын үйлердің егелері шатырлардан қарды, жүргіншілерге қауіп төндіретін жерлердегі сүңгілерді тазалауды ұйымдастыру қажет. 

Зайсан ауданының ТЖБ