Зайсан аудандық сотында «тергеу судьясының өкілеттігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Зайсан аудандық сотында судья Г.С.Нуртазинованың  ұйымдастыруымен адвокаттардың және прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен  «тергеу судьясының өкілеттігі» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Зайсан аудандық сотының тергеу судьясы Г.С.Нуртазинова Қазақстан Республикасы Қылмыстық Процестік Кодексіндегі сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу, сараптама тағайындау, кепілді қолдану әрекеттеріне тоқталып өтті.

Оған қоса, дөңгелек үстел барысында адвокат О.Абылқасымов аталған тақырып аясында туындаған сұрақтарды көтерді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша оған қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында тергеу судьясының өкілеттігіне қатысты ой-пікірлерімен алмасты.

Зайсан аудандық сотының  баспасөз қызметі