Зайсан аудандық сотында «Медиация – дауды шешудің жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Зайсан аудандық сотында кәсіпқой емес медиаторлар, судьялар, адвокаттардың және заңгер Е.Әмірхановтың қатысумен «Медиация – дауды шешудің жолы» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.

Сот төрағасы Н.З.Хасенбаев өз сөзінде, медиация – тараптардың ерікті келісімі арқылы жүзеге асырылатын өзара тиімді шешімге қол жеткізу мақсатында тараптар арасындағы дауларды (дау-шарды) реттеу рәсімі екенін айтты.Медиация саласы жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де қатынастардан туындайтын даулар (жанжалдар) болып табылады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген жағдайларды қоспағанда, шағын және орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында қаралатынын айтып өтті.

Кездесу барысында судьялар құқықтық дауларды шешудің баламалы әдісі ретінде сотқа дейінгі медиацияны дамыту бойынша қабылданған шаралар туралы және «Медиация туралы» ҚР Заңының ережелерін түсіндірді.

«Татуластыру рәсімдердің мақсаттары: екi жақты да қанағаттандыратын дауды реттеудің амалына қол жеткізу; тараптар қақтығыстарының деңгейін төмендету, дауды жедел шешу; тараптардың материалдық шығындарын төмендету; тараптар арасындағы даулы мәселелерді жоюға байланысты тұрақты қатынастарды қалыптастыру және сақтау; сот жүйесіндегі жүктемені азайту болып табылады», - деді өз баяндамасында сот төрағасы Н.З.Хасенбаев

   Зайсан аудандық сотының баспасөз қызметі.