Волейболдан  мекемелер арасында жарыс өтті

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай  Қаратал ауылдық округінде  мекеме қызметкерлері  арасында  Қаратал ауылындағы спорт кешенінде волейбол спортынан жарыс өтті.   Жарыстың басты жүлдесі –  ауыспалы кубок. 

Салтанатты шараны ауылдық округ әкімі Каримов Кайрат Нәбиұлы ашып,  құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысқалы отырған   командаларға  сәттілік тіледі.  Жарысқа Қаратал, Қазақстан орта мектептерінің командалары,  кеден қызмкеткерлерінің командасы және әкімшілік қызметкерлерінің командалары қатысты.

Өз кезегінде сөз алған жарыстың бас төрешісі Иманбаев Орал жарыстың өткізу тәртібін түсіндіріп,  алғашқы ойын кеден қызметкерлерінің командасы мен ауылдық әкімшілік қызметкерлерінің командасы арасында өтіп, жеңіс алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Тартысты өткен жарыста  жүлделі  ІІІ орынға Қаратал орта мектебінің командасы  тұрақтаса,  ІІ орынды Қазақстан орта мектебі қанжығасына байлады. Барлық қарсыластарынан басым түскен ауылдық округі әкімшілігінің  жігіттері кубокты жеңіп алды.

Жарыс  қорытындысы бойынша шебер ойынымен көзге түскен Қуанышбеков Дастан «Үздік ойыншы» атағына ие болса, «Ардагер ойыншы» атағын Тоқтасынов Ербол және «Жас ойыншы» атағын Тоқтаров Асыл иеленді.

Жарыс соңында жеңімпаз командалар мен ойыншылар алғыс хатпен және ақшалай  марапатталды. Бұл  спорт жарысы алдағы жылдары да осындай тәртіппен ұйымдастырылатын болады.