Тарихи өлке тану  мұражайындағы  саяхат

13 желтоқсанда  Зайсан аудандық әділет басқармасының ұжымы  және   аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы   рухани – мәдениетті көтеру мақсатында Зайсан –тарихи өлке тану  мұражайына саяхат жасады.

Іс шараның мақсаты:  тарихи өлкенін мәдениетімен танысу.

Аталған шара барысында Зайсан-тарихи өлке тану мұражайының маманы Жунусов Феместотель әділет саласының қызметкерлеріне  мұражайды аралата жүріп, онда  8 мыңға жуық жәдігер сақталуда тұрғанын, Зайсан ауданының аумағында үшінші алтын адамның табылғанын, 4 мыңға жуық  алтын заттардың  табылғанын, қазіргі уақытта Өскемен қаласында Ресей және шет ел мамандарымен бірлесіп, табылған заттар  зерттеліп жатқандығын айтып  өтті.

Шара соңында  әділет басқармасының басшысы Кенжебаева Айгуль мұражай қызметкерлеріне  алғысын айтып, Зайсан  тарихымен танысудың қызықты болғанын атап өтті.