Тәуелсіздік күні қарсаңында салтанатты жиын өткізілді 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында 14 желтоқсан күні  Зайсан аудандық әділет басқармасында салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиын барысында аудандық әділет басқармасының басшысы Кенжебаева Айгүл  Нұрсұлтанқызы  Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгінгі жетістіктері мен табыстары туралы баяндап, ұжымдағы қызметкерлерді  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні  мерекесімен шын жүректен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.