Құрмет грамотасымен марапатталды

Зайсан аудандық сотының судьясы Оспанова Шынар Омыркалыевна сот төрелігін жүзеге асырудағы табыстары, судьялар қауымдастығындағы белсенді қоғамдық қызметі үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай  Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Судья Ш.О.Оспанова  ұзақ жылдар бойы сот саласында қызмет жасап келеді, ауданымыздың тыныс тіршілігіне, өтіп жатқан іс шараларға  ат салысып,  береке-бірлікті, татулықты дәріптеп жүрген жанның бірі.

 

Зайсан аудандық сотының баспасөз қызметі