«Айқанат - IQanat »   олимпиадасы

«IQanat» ауыл мектептеріне арналған білім беру бағдарламасы аясында   25 желтоқсан күні М.Әуезов ОМ  республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің 1-ші іріктеу туры өтті. Бағдарламаның мақсаты- ауыл мектептері оқушыларына Қазақстан және шетелдік ЖОО-на тең дәрежеде түсуге мүмкіндік алуға қолдау көрсету. Республика бойынша  28 мың оқушы  қатысқан олимпиадаға, біздің  аудан бойынша 270 жуық  9-шы сынып оқушылары төрт пәннен бақтарын сынады: математика, физика, ағылшын тілі және эссе жазу.

Аудан олимпиадаларының жеңімпаздары республикалық олимпиадаға қатысады. Жеңімпаздар Астана қаласына  республикалық Слетқа қатысады.  Республикалық олимпиаданың әр қатысушысына ЖОО-на түсуге қолдау көрсетіледі.Олардың барлығына  IELTS және ҰБТ-ге  дайындық кезінде қажеттік көмек көрсетіледі.Республикалық олимпиаданың қорытындысы  бойынша үздіктер демеушілердің және халықаралық гранттарға сонымен қатар, еліміздің ЖОО-ның шәкіртақыларына ие бола алады.

Ашылу салтанатына  «IQanat » облыстық филиалдың координаторы Матыбаева А.А., ішкі саясат бөлімінің басшысы  Дүйсенбаева З.Д . қатысып, оқушыларға  жылы лебіздерін білдірді.