Отбасы тұрмыстық қатынастар аясындағы зорлық-зомбылыққа қатысты дөңгелек үстел өтті

Зайсан аудандық сотының бас маманы М.М.Молданов «Отбасы тұрмыстық қатынастар аясындағы зорлық-зомбылық» тақырыбына  дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға  кеңсе мамандары және Зайсан аудандық «Достық» газентінің  редакторы Н.Халықова қатысты.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және онымен күрес жұмыстарын жүргізуде мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдар Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 желтоқсанында қабылданған заңын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексті, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті, Қылмыстық кодексті т.б. заңдарды басышылыққа алады. 

Профилактикалық жұмыстар отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюуға бағытталған құқықтық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық кешенді іс-шаралар болуы тиіс.

Іс-шара соңында қатысушылар тақырып бойынша  қойылған сұрақтарына жауап алды.

Зайсан аудандық сотының баспасөз қызметі.