Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - біздің жалпы борышымыз

31 қаңтарда Зайсан аудандық әділет басқармасының инспекторы Түсүпбеков Жалғас Қуанышбекұлы Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі мамандарына  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - біздің жалпы борышымыз» атты тақырыпта дәріс оқыды.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізгі ережелері түсіндірілді.

Кездесудің соңында қатысушылар тақырыптың бүгінгі таңда маңызды екенін атап өтіп, осы тақырыпта өзара пікір алмасты.