Мектеп оқушылары арасындағы шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирі


Ағымдағы жылдың 2 ақпаны күні Зайсан қаласы, Сартерек ауылының хоккей алаңында мектеп оқушылары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирі болып өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Рахимбаев Зайнолда Рысбекұлы және Сартерек ауылдық округінің әкімі Орынбаев Әнуарбек Әмірханұлы құттықтау сөз сөйледі.
Тартысты өрбіген жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынға Сарытерек орта мектебінің командасы ие болса, екінші орынға «Сайхан» командасы иеленді, ал жүлделі үшінші орын Қаратал орта мектебінің командасына бұйырды.
Орын алған командалар Зайсан ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы Кубогі табысталып, мадақтама громаталарымен және сыйлықтармен марапатталды.


Зайсан ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі