Оқыту семинары өткізілді

8 ақпанда Зайсан аудандық әділет басқармасының басшысы Айгүл Кенжебаевамен  әділет басқармасының ғимаратында «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның Шығыс Қазақстан облысы  бойынша филиалының жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Зайсан ауданы бөлімінің қызметкерлеріне  «Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу тәртібі және мемлекеттік қызметті электрондық форматта алу туралы» тақырыбына оқыту семинары өткізілді. 

Шараның мақсаты –шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаларды  мемлекеттік тіркеудін тәртібі  және мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру.

Осы іс-шара барысында қатысушыларға қандай жағдайларда заңды тұлға Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілеріне сәйкес қайта тіркеуге жататындығы және заңда белгіленген тәртіппен қайта тіркеуге жататын заңды тұлға деректерінің өзгергені туралы мәліметті бір ай мерзімде бермегені үшін жауапкершіліктің жүктелуі туралы айтылды. Сонымен қатар,   «электрондық үкімет» веб-порталында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу туралы,  электрондық үкімет порталында заңды тұлғаны тарату туралы мемлекеттік қызметті алуға болатындығы жайлы және мемлекеттік тіркеуден бас тартуға негізгі себептер туралы түсіндірілді.

Семинар соңында  қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтардын барлығына толық жауап алды.