«Заңды тұлғаларды  және жылжымайтын мүлікті  тіркеу саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту туралы» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді

12 наурызда Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі мен Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингілерінде Қазақстанның ұстанымын жақсарту мақсатында Зайсан аудандық әділет басқармасымен, Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы»  департаментінің Зайсан аудандық  бөлімінің,  жер кадастр және жылжымайтын мүлік бойынша бөлімінің қызметкерлерінің  қатысуымен «Заңды тұлғаларды және жалжымайтын мүлікті  тіркеу саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту туралы» тақырыбында   дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсетуді сапалы және уақытылы орындау   бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу .

Кездесу барысында жаңа басылымда баяндалған Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының бөлек ережелері қарастырылды, сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету арқылы заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуге қажетті құжаттарды сапалы қабылдау бойынша жұмыс талдауы жүргізіліп, мемлекеттік қызметтердің сапасын  арттыру  мәселелері  талқыланды.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар аталған бағыттағы жұмысты жетілдіру бойынша пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасты.