Азаматтарды қоғамдық қабылдау өткізілді

11 наурызда  «Нұр Отан» партиясының Зайсан аудандық филиалында Зайсан  аудандық  Әділет басқармасының басшысы Айгүл Кенжебаевамен  азаматтарды қоғамдық қабылдауы өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – жеке және заңды тұлға өкілдерінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруда жәрдемдесу.

Іс-шара барысында әділет басқармасының басшысымен   Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауы бойынша ақпараттық- түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету, заңды тұлғаны, жылжымайтын мүлікті тіркеу  және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында қойылған сұрақтары бойынша құқықтық кеңестер берілді.

Қоғамдық қабылдау барысында 9 азаматқа құқықтық мәселелері бойынша  кең көлемде кеңестер берілді.