Зайсан аудандық сотында семинар өткізілді

Зайсан аудандық сотында «Сот ғимараттарына өткізу және ішкі объектілік режимді сақтау» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға сот қызметкерлері және ШҚО АҚКБ-нің қызметкерлері қатысты.
Іс-шараны ашқан кеңсе меңгерушісі К.С.Игілікова өз баяндамасында сот отырысына шақырылған тұлғалардан басқа бейтаныс немесе бөгде тұлғаларды сот ғимаратына кіргізуге жол бермеу, тыйым салынған заттарды кіргізу немесе кіргізбеу, сот ғимаратының антитеррористтік қорғалу деңгейін жоғарлату, судьялар, сот қызметкерлері және сотқа келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айтып өтті. Сондай-ақ, ол қоғамдық тәртіпті қорғау және сақтау үшін сот ғимаратына кіріп-шығу тәртібі орнатылғанын айтып, алдағы уақытта кездейсоқ жағдайлардың алдын алу маңызды екендігіне тоқталды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өз ойларымен бөлісті.



Зайсан аудандық сотының баспасөз қызметі