«IQanat» пен өткен «Spring Camp» көктемгі оқу-жаттығу лагері

2019 жылдың 25-30 наурыз аралығында Өскемен қаласында 10-11 сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындық мақсатында «EduCon» компаниясы мен «IQanat» ауыл мектептеріне арналған білім беру бағдарламасы бірлесе ұйымдастырған «Spring Camp» көктемгі оқу-жаттығу лагеріне ауданымыздан 19 оқушы қатысып қайтты. 5 күн бойы 150-ге жуық облысымыздың «IQanat» олимпиадасының жеңімпаздары үшін ҰБТ-ға дайындықпен қоса түрлі тренингтер, кураторлар сағаттары өткізілді. Қатысушылар білімдерін кеңейтіп , өте маңызды ақпараттар алды. Оқу-жаттығу кезіндегі байқау сынағы нәтижесінде ауданымыздың Х.Мустафина атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушылары Гарифуллина Жанель- 1 орын, Өміртаева Айым- 2орынды жеңіп алды. Облыс бойынша үздік нәтиже көрсеткен үшін Зайсан ауданы «EduCon» компаниясының бас жүлдесі «Ең үздік аудан » кубогын иеленді. Зайсан ауданы бойынша «IQanat» жобасының координаторы Нурпеисова Г.С. «EduCon» компаниясының алғыс хатымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.