Qoldau-мен тез әріжеңіл

Бүгінде цифрлық технологиялар біздің өміріміздің бар саласына енген. Үйден шықпай-ақ баланы балабақшаға кезекке қоюға, дәрігер қабылдауына жазылуға немесе некеге отыру өтінішін беруге болады. Цифрландыру шығысқазақстандықтардың өмірін әжептәуір жеңілдетті. Енді бұл агроөнеркәсіп саласында да көрініс тапты. 2019 жылдың басынан бастап ауылшаруашылығы кешенін субсидиялауға өтінішті Qoldau электронды ақпараттық жүйесі арқылы беруге болады. Жүйеге алаңдаудың қажеті жоқ, өйткені аталған жүйе мемлекеттен шығын орнын толтыртуға берілетін өтінішті қабылдау және өңделу уақытын жеңілдетеді.

Енді субсидиялауға қатысты барлық ақпарат бірресурста. Егер қолыңызда барлық құжаттар болса, оның үстіне олардың толық тізімі Qoldau.kz сайтында бар, сізге керегі ғаламторға шығу мүмкіндігі ғана. Біржаққа барып, кезек күтіп, уақыт пен қаражат шашудың қажеті жоқ. Пернетақтада бірнешеп ернені бассаңыз болғаны сіздің өтінішіңіз өңдеуге жіберіледі. Өтінішті беру және тіркеу жайлы ақпарат сайтта көрсетілген.
Портал ғаламторды тұрақты қолданбайтын адамдар үшін де ыңғайлы. Егер сізде қандайда бір сұрақтар туындаса 8 (7172) 552-981 телефоны арқылы call-орталыққа хабарласуыңызға болады. Ондағы мамандар субсидиялауға байланысты өтінішті тіркеу және жіберуге байланысты барлық сұрақтарға толыққанды жауап береді.

Шаруагерлер, назараударыңыздар!
Жалпы, агроөнеркәсіптік саладаға электронды жүйелер бүгін ғана қолданылып отырған жоқ. Бірнеше жыл қатарынан жер кадастры, ауылшаруашылығы техникалары, аналық және асылт ұқымды мал басын тіркеу жүйесі порталдары сәтті жұмыс істеуде. Ауылшаруашылығының белгілі бір саласында субсидиялауға Qoldau жүйесі арқылы өтініш беру үшін бірнеше шартты ұстанған дұрыс. Өйткені Qoldau.kz басқа электронды жүйелермен сәйкестендіру жүргізеді. Бір сөзбен айтқанда өтініште көрсетілген ақпараттар синхорндалады. Qoldau жүйесісіз берген ақпаратты нақтылауы үшін келесі әрекеттерді істегеніңіз жөн:
- Сіздің қолданысыңыздағы барлық жер учаскелері, олардың мақсатына қарамастан (жайылым, шабындық, егістік және т.б.) Жылжымайтын мүлік регистрі„ мемлекеттік жер кадастры жүйесінде тіркелуі қажет
- Агроқұрылым теңгерімінде тұрған барлық ауылшаруашылығы техникалары, құрылғылары мен автокөліктер де мемлекеттік ауылшаруашылығы техникаларының тізілімінде және автокөлік жүйесінде тіркелуі керек
- Аналық мал басы сәйкес ақпарат пен ауылшаруашылығы жануарлары базасында нақтылануы қажет
- барлық тауарлар, жұмыстар мен қызмет түрлері (алынған және сатып алынған) электронды шот-фактуралар мен нақтыланып, оларды қабылдау жәнеөңдеу бойынша сәйкес ақпараттық жүйеге енгізілуі керек.
Осылайша, Qoldau жүйесі субсидиялауда өтініш беруді ашық етіп, сыбайлас жемқорлық фактілерінің және қағазбастылықтың болмауына жағдай жасайды. Бір сөзбен айтқанда, жоғарыда айтылған ақпараттық жүйелер мен деректер базасы Qoldau.kz порталында көрсетілген.

Тағы не білген жөн?
Өсімдік шаруашылығын жүргізуге байланысты субсидия алуүшін Qoldau жүйесіне келесі деректерді енгізген жөн.
Олар мынадай деректер:
- сізге сенімгерлік және жеке меншік құқықта берілген барлық шабындық жерлерді цифрландыру бойынша
- соңғы екі жылдағы тұқым шаруашылығы мен егіс айналымын субсидиялау бойынша
- сізге сенімгерлік немесе жеке меншікке берілген шабындықтардың топырақты зерттеу бойынша аккердиттелген зертханасы беретін электронды агрохимиялық картограммасы
Аталмыш ақпараттарды алу туралы нақты деректер Qoldau.kz. порталында көрсетілген. Егер сізде қосымша сауалдар туындаса, мысалы сіз субсидиялауға алғаш рет өтініш беріп отырсаңыз, өз ауданыңыздағы немесе қалаңыздағы әкімдікке жүгініп, ауылшаруашылығы бөлімі қызметкерлерінен кеңес алып, Qoldau жүйесін қолдану жайын үйренуіңізге болады.

***
Qoldau жүйесі — бұл цифрлы болашаққа жасалған қадам. Ол шаруа қожалықтары мен ауылшаруашылығы кооперативтері басшыларының субсиядияалу жұмысын тездетіп қана қоймай, сондай-ақ, әкімшілік кедергілердің болмауына жағдай жасап, ауылшаруашылығы кешені саласында өңіріміздің қай түкпіріндегі болмасын шаруагерге субсидия алу үрдісін түсінікті әрі қолжетімді қыла түспек.