Зайсан аудандық сотының ұжымы доғарыстағы судья Қ.Өкісхановты Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Ұлттық қауіпсіздік –біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар қандай марапатқа болса да лайықты.

Сот  жүйесінің  ақсақалы, мәуелі бәйтерегі, ұлағатты ұстазы,  жас ұрпақ үшін ақыл дариясы, ұлы Абай атамыз  сипаттаған «Адамға тән үш қасиет: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» иесі  Қанатбек Тұрысбекұлы  Өкісхановты сот  ұжымы  Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.  

Қанатбек Тұрысбекұлы  Өкісханов Қазақстандағы сот жүйесінің  дамуына сүбелі үлесін қосып Зайсан аудандық сотында 18 жыл судья қызметін атқарып, 2015 жылы  құрметті доғарысқа шықты. Оған дейін 1995 жылы  Марқакөл ауданы  Теректі аудандық сотының  төрағасы, 1996-1997 жылдары  Күршім аудандық сотының  төрағасы  қызметін атқарған, 1992 жылға дейін  прокуратура  саласында  қызмет  атқарған.

Сот төрағасы Н.З.Хасенбаев ардагер аға Қ.Т.Өкісхановты атаулы мерекемен құттықтай отырып, шаңырағына қуаныш, бақыт және еліміздің тыныштығы жолында әліде аянбай еңбек ете беруіне шын жүректен тілектестігін білдірді.

Зайсан аудандық сотының  баспасөз қызметі.