«Түнгі сот» - Пилоттық жобасы бойынша дөңгелек үстел өтті

Зайсан аудандық сотының төрағасы Н.З.Хасенбаевваның судьялардың қаысуымен «Түнгі сот» Пилоттық жобасы бойынша дөңгелек үстел өткізді.

«Түнгі сот» атты жаңа жобаның мақсаты сотта азаматтардың құқықтарын қорғау, сот ісін жүргізуді оңтайландыру және әкімшілік хаттаманы толтырған сәттен бастап істі қарау болып табылады. Сонымен қатар төраға  өз сөзінде құқық бұзушылықтардың басым бөлігі кешкі уақытта орын алатынын айтып өтті. Аталған жоба ішінде соттармен қаралатын істер ол жол ережесі бұзылып және көлік құралына зиян келіп, материалды залал келтірген жағдайда, сақтандыру төлемі бойынша туындайтын сұрақтарға тез арада әкімшілік іс бойынша шешім қабылдау болып табылады.

«Түнгі сот» азаматтарды жұмыстан бөлмей, ыңғайлы уақытта қатысуларына мүмкіндік беретініне тоқталып өтті.

Зайсан аудандық сотының баспасөз қызметі