Ашық есік күні  өткізілді

14 мамыр күні Зайсан аудандық әділет басқармасында  аудандағы   кәсіпкерлік субъектілері өкілдерінің   қатысуымен «Тауар таңбалары» атты  тақырыпта ашық есік күні   өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты  кәсіпкерлердің  құқықтық сауаттылығын арттыру.  

Іс-шара барысында әділет басқармасының жетекші маманы Бақыт Жұманова  Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының нормаларын, тауар белгiсiн құқықтық қорғау талаптарын, сонымен қатар,  бөтен тауар белгісін  заңсыз   пайдалану әкімшілік және қылмыстық  заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатындығы   туралы түсіндірді.

Іс - шараға қатысушылар тауар белгісі  мәселелері бойынша пікір алмасты.