Көрсетілетін  мемлекеттік қызмет  сапасын жақсарту бойынша  семинар өткізілді

14 мамырда Зайсан аудандық әділет басқармасымен «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы  бойынша филиалының жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Зайсан ауданы бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен  «Мемлекеттік қызмет көрсету стандартының талабын сақтау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын көтеру туралы» тақырыпта семинар  өткізілді.

Іс-шараны өткізудің мақсаты мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылды.

Семинар барысында  әділет басқармасының инспекторы Түсүпбеков Жалғас мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, құжаттарды сапалы қабылдау туралы айтып өтті, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты мен Регламенті нормаларының сақталуы, Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту талқыланды.

Іс-шара  соңында қатысушылар өзара пікір алмасты..