Сыбайлас жемқорлықпен күрес

14 мамырда Зайсан аудандық әділет басқармасының инспекторы Түсүпбеков Жалғас Қуанышбекұлы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Зайсан аудандық  бөлімінің мамандарына «Сыбайлас жемқорлыққа күрес» атты тақырыпта дәріс оқыды.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізгі ережелері түсіндірілді.

Кездесудің соңында қатысушылар тақырыптың бүгінгі таңда маңызды екенін атап өтіп, осы тақырыпта өзара пікір алмасты.