«Мемлекеттік рәміздер –  Республика  мәртебесі»  атты тақырыптағы  дөңгелек үстел

4 маусымда Зайсан аудандық әділет басқармасында  басқарма  қызметкерлері және Зайсан аумақтық сот орындаушылар бөлімінің мемлекеттік аға сот орындаушысының  қатысуымен «Мемлекеттік рәміздер –  Республика  мәртебесі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында әділет басқармасының басшысы Мемлекеттік рәміздер күнінің негізгі идеясы қазақстандық отаншылдық пен ұлттық бірлікті нығайту, тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау болып табылатынын атап өтті.

Семинардың соңында мемлекеттік рәміздер  –  бұл кез келген елдің ұқсасты мен егемендігін білдіретін төлсипаттардың бірі екеніне көңіл аударылды.