«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту»  атты  тақырыптағы  дөңгелек үстел өткізілді

5 маусымда Зайсан аудандық әділет басқармасының басшысы Айгүл Кенжебаева әділет басқармасының   және   «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның Шығыс Қазақстан облысы  бойынша филиалының жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Зайсан ауданы бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен  дөңгелек үстел  өткізді.

Шараның мақсаты –мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту.

Дөңгелек үстел  барысында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бағыты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту, мемлекеттік қызмет көрсету Стандартары мен Регламенті нормаларының сақталуы, тіркеуден бас тарту мен тоқтатудың санын азайту,  сонымен қатар «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына баптар бойынша түсіндірмені және  Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту талқыланды.

Дөңгелек үстел отырысын қорытындылай келе, қатысушылармен мемлекеттік қызмет көрсетудегі жұмыс тиімділігін арттыру бойынша шешімдер қабылданды.