«Тілдің тұтастығы – мемлекеттің тұтастығы»  атты тақырыпта семинар өткізілді

6 маусымда Зайсан аудандық әділет басқармасының инспекторы Жалғас Түсүпбеков «Атамекен – Мұнай -  Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктсетігінің қызметкерлерінің қатысуымен «Тілдің тұтастығы – мемлекеттің тұтастығы» атты тақырыпта  семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша әділет органдарының жұмыс жоспарын орындау.

Семинар барысында  Жалғас Түсүспбеков баяндама жасап, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының негізгі тармақтарымен таныстырды, сонымен қатар туған тілімізді сақтау, тілді құрметтеу маңыздылығын атап өтті.

Семинардың қатысушыларымен  мемлекеттік тілдің өзектілігін, мемлекеттік тілдің қазақстандықтар үшін әр түрлі салада қажеттілігі талқыланды.