«Саябақтар  шеруі -2019»

Зайсан ауданында  сәуір -мамыр айларында өткен «Саябақтар шеруі -2019»  аясында біркатар  шаралар өтті.Атап айтканда, «Болашаққа табиғатты сақтайық» мерекелік концерттер, құстарға арналған  «Заманауи ұя акциясы», «Қалдықтардан табыстарға» көрмелер, «Табигатты аялайык!» атты фото-суреттер байқаулары, флешмобтар т.б.

«Парктер шеруі -2019» акциясының жабылу салтанаты Марқакөл қорығының инспекторларының қатысуымен Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінде  ұйымдастырылды. Кеш қонақтары шараның өз дәрежесінде жоғары деңгейде өткізілгенін атап өтіп, алғыстарын білдірді.Акция нәтижесі бойынша,шараға қатысқан мектептерді және оқушыларды марапаттады. «Саябақтар  шеруі -2019» акциясының қорытындысы бойынша, табиғи және мәдени мұраларымызға деген құрмет пен жанашырлықты насихаттап,белсенді қатысқаны үшін, «Абай атындағы орта мектебінің»КММ-нің мекемесінің тәлімгері Құрманғожина Гүлім Ризабековнаға алғыс білдіріліп, «Саябақтар  шеруі -2019» кубогы мен мадақтамасы табысталды.